Өлеңдер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/dameli.png)
Азаматтар
Азаматтар ұсақ емес ірілер,
Азаматтар әділдікке жугінер.
Азаматтар ар намысқа үңілер,
Міне солар нағыз ерлер, сірілер.
Бір ерлер бар, біреулерді даттайтын,
Бір ерлер бар, жарын балағаттайтын.
Бір ерлер бар, жұдырығын оқтайтын,
Міне, солар азаматқа жатпайтын.
Бір ерлер бар суға кеткен салыдай,
Жүретүғын түк армансыз налымай.
Міне, солар саналмайды азамат,
Санасында саңылау жоқ тарыдай.
Бір ерлер бар күшке сенген ұрда-жық,
Берген оған жүректі де жұрдай ғып.
Аяқтарын алшақ-алшақ басатын,
Өзін-өзі көтеретін дырдай ғып.
Азамат бар көтеретін ел жүгін,
Соларды әне, дәріптейді ел бүгін.
Тарихта да өткен талай азамат,
Тілеп өткен Отанының елдігін.
Азамат бар ел бақытын ойлайтын,
Азамат бар бейнетке де тоймайтын.
Азамат бар ұрпақ қамын ойлайтын,
Міне, солар ер атанбай қоймайтын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇