Өлеңдер ✍️
Ақ дәмімнен ағайын аттамағын
Жасырын бірігіп іс жұргізеді,
Туыстар осы неге дүрлігеді.
Қазақтың қытығына тие беріп,
Кеп жүрме батырлығын білгілері.
Қара жер қаза берсең су шығады,
Қызыл тіл қайрат берсең у шығады.
Қазақтың қаны нағыз қарайғанда,
Қалқиған он қазақтан ну шығады.
Қазақтың саны, ия, төменірек,
Ойлайды-ау қазақ момын ел еді деп.
Махамбет, Исатайдың қандастары,
Ойлама, оңайлықпен көнеді деп.
Өздері тиіспесе керіспейміз,
Қылығын туыстардың теріс дейміз.
Басымнан бақалшаққа дейін ыза,
Өлсек те ешкімге енді беріспейміз.
Ойланыңдар орыстың қандастары,
Төңкермеңдер қайғының алдаспанын.
Шатақ түбі соқтырар қасіретке,
Дұрыс болар бірігіп қамдасқаның.
Бәріміз де тудық жер анамыздан,
Асыраушы сол жер ғой, панамыз да.
Елірмендер есерлер тоқтатыңдар,
Щоқ салмаңдар өртейтін арамызға
Қуып жатқан жоқпыз ғой ешкімді де.
Жатырқаған жоқ едік еш тілді де,
Қай ұлтың да қолдауда «Ана тілін».
Шұбарланып кеткенін кеш білді де,
Қаптап кетті еліміз келімсекке,
Қумадық біз намысқой көрінсек те. Жерді
ешкімге бермеспіз оңайлықпен,
Қылғындырып жатсақта шеміршектен.
Түсініңдер бәріміз бауырласпыз,
Шетке шықсаң Оралдық ауылдассың.
Бөлінем деп елірсе енді келіп,
Қалай ғана қиналып ауырмассың.
Облысым - Оралым - баспанаңыз,
Бауыр басқан ұяңыз - тас қамалың.
Дәмін татып, ғасырлар суын іштің,
Ақ дәмімнен, ағайын, аттамыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter