Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  157


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Толғатасың жүректен

Жамырамай ойларыңның орманы,
Айтар ойың жырға айналса сомданып.
Жырларымды жұрт оқыса сүйсініп,
Сонда ақынның жағдайының оңғаны.
Жырларыңды жұрт оқыса тұшынып,
Жырларыңнан есіп тұрса кісілік.
Сезерме жұрт ақындардың азабын,
Жыр перзентін шығарғанша пісіріп.
Өлең жырды жасамайсың білекпен,
Өлең балшық емес, қазар күрекпен.
Ойды оймен, қазып азап шегесің,
Толғантудай толғанасың жүректен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу