Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  189


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Жебір сатушының сыйқы

(Сықақ)
Сатушы әйел Жекеңе,
Сәлем десем жетеме.
Таразыдан жегенің,
Тиген жоқ па шекеңе.
Ілдірмейсің неге сен,
Жейтініңді сезбесем.
Таразыдан жемесең,
Сені жемқор демес ем.
Ашық айтсам атыңды,
Бұның қалай демессің.
Бұрын жеген затыңды,
Бұдан былай жемессің.
Кісі басы күніне,
Он граммнан жегенің.
Келгенменен жігіне,
Бола бермес дегенің.
Өлшеп берген матаңнан,
Сантиметр жегенің.
Ұятына маталған,
Зарлап айтар өлеңін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу