Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  636


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Оқу керек

Қысқарды қол жүмысы істен бүгін,
Электр техникасы үстем бүгін.
Өрелі ой еңбегі басым түсіп,
Тілеп тұр әр адамның іскерлігін.
Сондықтан, оқу керек, оқу керек,
Көңілге оқығанды тоқу керек.
Ертең істер ісіңе, дайындалып,
Әрбір таңды асыға тосу керек.
Қатарларыңнан ешбірің қалмау керек,
Жан жағыңды санаңмен барлау керек.
Мүмкіндік толып тұрған уақыттарда,
Асыға алыстарға самғау керек.
Оқу ортақ үлкенге, кішіге де,
Оқымаған еш жайға түсінеме.
Оқымаған адамның санасы тар,
Арман кіріп шықпайды түсінеде.
Оку азық өмірлік, байлығың да,
Киімің де, ішіп жер айлығың да.
Біліміңнің өлшенбек салмағы тек,


Өзгелерге көрсеткен қайырымызда.
Ешқашанда оқудан қол үзбеңдер,
Білімді жан болуға жол іздеңдер.
Тегін алған білімді тегінде сіз,
Қайтаратын Отанға қарыз деңдер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу