Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.11.2022
250
Арнау
(Ақын Абдолла Жумағадиевтің інілеріне).
Шайдолла мен Ғайнолла ауылдасым,
Сәлем жаздым жүрегім ауырғасын.
Төркін елім «Жосалы» болғандықтан,
Есептеймін сіздерді бауырласым.
Армандарға ойлаған жеттіңдер ме?
Куйкі тірлік қуалап кеттіндер ме?
Бірге туған ағаның атындағы,
Мектебіне тал шыбық ектіңдер ме?
Ағасы бар ішінде ағаның да
Өмір жатыр ағаның қаламында.
Аға жайлы деректер жинастырып,
Аға арманын жалғауға жарадың ба?
Ағасы бар ішінде ағаның да,
Қалды есімі ағаның қаламында.
Соғыста өлген ағаның бейітін сен,
Барып, көріп келуге жарадың ба?
Естілмейді біріңнің есіміңіз,
Есітпесем сырт жүріп кешіріңіз.
Тірі жүрсең екеуің бұл өмірде,
Ағаға арнап бәйтерек өсіріңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter