Өлеңдер ✍️

  08.11.2022
  212


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Абайландар, адамдар!

Абайлаңдар, адамдар, абайлаңдар!
Тарих дейтін алдыңда шар айнаң бар.
Тарих бетін ұрпағың ақтарғанда,
Қызармаудың жақтарын қарайлаңдар.


Абайлаңдар, адамдар, абайлаңдар!
Халық дейтін жаныңда шар айнаң бар.
Ебін тауып екі жеп ел ырысын,
Еңіреген соңынан талайлар бар,
Абайлаңдар, адамдар, абайлаңдар!
Ұят деген мықтыға қарайлаңдар.
Жүрген, тұрған ізіңді көретұғын,
Ұрпақ деген артыңда шар айнаң бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу