Шығармалар ✍️
16 желтоқсан
16 желтоқсан — бұл тәуелсіздік күні. Тәуелсіздікті қалай түсінеміз?! Біз тәуелсіздікті бағалай аламыз ба? Қаншама қан төгістерді басынан өткеріп, әрең дегенде қол жеткізген бұл тәуелсіздік біз үшін баға жетпейтін құнды дүние десек қате айтқанымыз емес қой?! Тәуелсіздік деген өз алдына, ешкімге бағынышты болмай, өз мәселесін өзі шешетін, өз шешімдерін өзі қабылдай алатын мағынаны білдіреді емес пе, ендеше осындай тәуелсіздік біздің заманымызға бұйырған екен, ендеше осы тәуелсіздікті неге қорғамасқа, азаттықтың ақ таңын сақтап қалу әрбірімізге парыз деп қарауымыз керек.
Бұл Тәуелсіздіктің ақ таңын сонау ата-бабаларымыз аңсап кеткен жоқ па?! Қазақ тілі үшін шырылдап, тіліміздің болашағы үшін алаңдап өткен Абай атамыздан бастап Ахмет Байтұрсынұлы сынды зиялы қауым өкілдерінің көрген күндері қандай еді, қазақ мектебін ашу керек десе соған қарсы болған үкімет, сол қарсылыққа қарсы тұрып қазақ жастарының оқып білім алу жолында талай жұмыстар жасалды емес пе?! Қазір ше, біздің заман қандай заман? Сол тарих беттеріне үңіліп, сол заманмен салыстырар болсақ біздің заманымыз «қой үстінде бозторғай жүмыртқалаған күн» емес пе?! Ата-бабаларымыз осы қазақ жастарының емін-еркін білім алып, сауатты болғанын қалады емес пе?! Қазіргі таңда білім алуымызға ешқандай да кедергі жоқ, талабың болса, өнерің болса өз қалаған мамандығынды оқып, білім ала аласың, тек зейін мен ынта, оқуға деген жүрек қалауы болса болғаны. Солай емес пе?! Біз бақытты жандармыз, осындай заманда өмір сүріп жатқан. Азаттықтың ақ таңын сезініп, 16 шы желтоқсан тәуелсіздігімізді тойлап келеміз. Расында да бақыттымыз.
Тәуелсіздік бізді басты байлығымыз. Осы байлығымызға басқалардың көз салуына, ойы бұзық адамдамдың арандатуына жол бермеуіміз керек. Яғни қасықтап жиған абыройымызды шелектеп төгуге мүмкіндік бермеуіміз керек. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылып іс жасайтын кезіміз осы деп ойлаймын.
Әр жыл сайын бір қуаныш пен бір мұңын арқалап келетін 16-шы желтоқсан — Тәуелсіздік күні құтты болсын қазақ елі! Бір мұңы деген сөзіміз кеше ғана жанымызды ауыртып өткен 1986 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында болған Желтоқсан оқиғасы болатын. Жазықсыз жазаланған Желтоқсаншы жастарды еске алмау мүмкін емес, оларға батылдық танытқан ерліктеріне бас иеміз. 16-шы желтоқсан тәуелсіздік күнін атап өтумен қатар Желтоқсаншы жастардың да ерліктерін атап өтетін күн деп білемін. Желтоқсан құрбандарына айналған көптеген қазақ жастары біздің жүрегімізде болатыны сөзсіз. Осындай қиындықтармен есік ашқан 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күнімен қазақ елі! Бауырымыз бүтін, еліміз тыныш болсын!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter