Шығармалар ✍️
Тәуелсіздік тұғырым
Талай жылдардан бері азаттықты аңсаған қазақ елі, біздің ата-бабаларымыз, сонау ашаршылық кезінде қиын-қыстау заманда бір тілім нан үшін өз туған жерінен баз кешкен қандас қазақ бауырларымыз бен «халық жауы» атанып жазықсыздан жазықсыз өлім құшқан зиялы қауым өкілдері, оларға көрсетілген зорлық-зомбылық, одан қала берді Ұлы Отан соғысында қаншама қазақ бауырларымыз «Отан үшін» деп,«ел үшін» деп кеуделерін оққа тосты емес пе?! Оларды ешқашанда ұмытпаймыз, ұмытуға жол бермейміз! Қазағым деп жүректері тоқтағанша батылдана ерлік көрсеткен Бауыржан Момышұлы, Әлия мен Маншүк секілді қазақтың батыр, қаһармандарын қалайша ұмытпақпыз?! Одан бері жылжитын болсақ Қазақ елінің басшысы Дінмұхаммед Конаевты орнынан алып, орнына орыс ұлтының Колбин атты бір адамын қойғаны қазақ жастарының Қазақ еліне деген патриоттық сезімдерін таптағандай болып, олардың сол уақыттағы Қазақ КСР нің басшылығына қарсы шығуына себеп болады, да олардың алаңға бейбіт шеруге шығуына жол салады. Бейбіт шеру дейміз-ау, жоқ, бейбіт шеру деп шыққан қазақ жастарының шеруі қанды көтеріліске ұласады. Салдарынан қаншама жазықсыз жастар өлім құшады, мұның бәрін қалай ұмытпақпыз?!
Біз айтып өткен болған оқиғалардың соңғысы, яғни Желтоқсан оқиғасынан соң Кеңес үкіметі ыдырап, Қазақ еліміз 1991 жылы өз тәуелсіздігіне қол жеткізеді. Ия дәл осылай Қазақстан мемлекеті «Тәуелсіз ел» ретінде өмірге келеді. Содан бері 16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» ретінде тойланып келеді.
Қазақстан бүгінде тәуелсіз ел, ешкімге соқтықпай өз алдына өз рәміздерін сайлап алған, ел басқаратын президентін сайлап зайырлы, ата-заңы, конституциясы бар құқықтық мемлекет. Қазіргі таңда біздің елге әлем жұрты таң қалысуда. Осындай мемлекетте, осындай табиғаты тамаша елде туғанымды мақтан етемін! Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстаным! Тәуелсіздік тұғырым, жаныма нұр сыйлайтын, азаттығым жыр, үнім қуанышын жинайтын. Көңілім жай, уайым жоқ, жанымды жеп қинайтын. Елім өзің, сен ғана, жамандыққа қимайтын! Тәуелсіздігің мәңгі болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан» газетінің бас редакторы Жібек Искакова, Түркістан қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter