Өлеңдер ✍️

  05.11.2022
  118


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Қызығам

Бір күнімнен келер күнім аумайды,
Күйбеңменен уақытымды жаулаймын.
Жыйып қойып, бітпес күйкі тірлікті,
Неге бір-кез өлең болып жаумаймын.
Неге бір кез үдемеймін жел болып,
Бір кез неге сөгілмеймін сең болып,
Перзентің ғып жаратқан мен табиғат,
Жаратыпсың ақ жаулықты пенде ғып.
Біраз істі тындырып ап тынығам,
Қайталанған істен кейде шығынам.
Біздей емес күйбеңі аз ерлерге,
Шынымды айтсам мына өзім қызығам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу