Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.11.2022
424
Өмірге неге келдім мен?
Өмірге неге келдім мен, жауабы қиын сұрақ ғой,
Не бітірдім деген жалғанда мазалайды мені тұрақты ой.
Ізім жатыр мәні жоқ торлайды ойлар, торлайды,
Көңілім толмай өткенге мазалап кейде болмайды.
Жұбатамын кейде өзімді әлі дағы кеш емес деп,
Қынжылам кейде өткенге тұрлаусыз күндер елестеп.
Әттең ай тұлпар болмадым аузымен құс тістеген,
Ғұмырда көңлім толмайды ісіме өзім істеген.
Қалам алсам қолыма бытырап ойлар қашады,
Жуа шыққыр жолына беймаза ойлар басады.
Таң сәріде жатамын ұйқылы ояу маужырап,
Ойыма өлең оралса қаламын кейде абдырап
Жүйелі ойлар барына ақының бүгін сенді енді.
Бойыма біткен талантым бұл күндері жеңді енді,
Қасиетті қара өлең кешіре көр пендеңді,
Сабасына ақының келеді түсіп енді – енді.
19.04.2013 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter