Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.11.2022
221
Өйткені мен Қазақпын
Киелі мекен туған жер,
Баурыңда жатыр ата тек.
Жағаңа сарықұрт жармасса,
Қорғамасам басқа теп.
Киелі ата мекенім,
Садаға сенен кетермін.
Айдаһар келсе ысқырып,
Ордасын ойран етермін.
Сан мыңдаған ғасырлар ,
Кімдер көзін салмады.
Жолыңда сенің асылдар,
Бастары қайда қалмады?
Алартқан көзін талайлар,
Өз басын өзі жалмады.
Алты малта ас болып,
Сен үшін өзек талмады.
Бостандықтың жолында,
Көргенмін түрін азаптың,
Мызғымас мекем іргем бар,
Өйткені мен Қазақпын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter