Эсселер ✍️
Журналистің қызметі қаншалықты еркін?
Журналистің қызметі қаншалықты еркін?
Журналистер ең алдымен- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпаратты жинау, өңдеу оны халыққа тарату қызметін атқарады. Қазіргі әлем ақпараттық технологиядардың жоғары деңгейде дамыған уақыты. Осындай уақытта шығарылатын ақпараттың шын немесе өтірігінің ара-жігін ажырату журналисттер үшін қиынға түсетіні сөзсіз. Шығарылған ақпарттың шындығы мен оның дәйекті болуы журналистердің мойнында. Журналист қандай салада жұмыс істесе де, ол қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып саналады. Бірақ халыққа ақпарат таратуда журналистің қызметі қаншалықты еркін болмақ?
Бүгінгі таңда журналистердің сөз бостандығы басты проблемалардың бірі болып табылады. Оларды шешу бүгінгі күннің міндеті. «Елімізде сөз бостандығы бар»,-деп жарияға жар салғанмен, көп жағдайда бұл сөздер мойындалмайды. Не дегенменде журналистер өз ойларын ашық түрде көрсетіп, жариялай алмайды. Олар әрдайым нейтралды позицияны сақтай отырып, тек дәлелденген ақпаратты ғана ел алдына шығара алады. Себебі, журналист қате пікір немесе ақпарат жарияласа, ол тек оның қателесуі ғана емес, барша оқып отырған халықтың теріс пікір қалыптастыруына себеп болады. Сол үшін де журналист өзінің әр айтатын ақпаратын дәлелдеп, сенімді болған жағдайда ғана ел алдына шығара алады. Журналист өзінің айтқан әр сөзі үшін үлкен жауапкершілік арқалайды.
Кей жағдайда саяси биліктің «қолшоқпарына» айналып жататын журналистер бар. Олар халық арасында теріс ақпарат таратып жіберуі мүмкін. Дегенмен де, өз істеріне адал, халық үшін қызмет ететін журналистеріміз жетерлік. Олар әділ шешім іздеп, шындықты елге жеткізу үшін, көп жағдайда біраз қиыншылықтар көріп жатады. Тіпті өмірлеріне қауіп төнетін жағдайларда аз емес.
Сөз бостандығы бойынша елдер арасында Қазақстан жыл санап төмендеп келе жатқаны да өтірік емес. Себебі, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген өзертулер белсенді халық пен азаматтардың өз ойларын білдіру мүмкіндіктерін шектеп отыр.
Қорытындылай келе, журналистер қызметі еркін деп айта алмаймыз. Себебі, көп жағдайда журналистерде өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік болмайды. Олар тек дәлелденген ақпаратты таратушы ретінде қызмет атқарады. Қазіргі таңда журналистердің сөз бостандығы мәселесі улкен проблема ретінде қарастырылып жатыр және жақын арада өз шешімін табады деген сенімдемін. Журналистиканың еркіндігі - оның басты құндылығы болып табылады.
Автор: Қасымханова Гаухар Жомартқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter