Өлеңдер ✍️

  19.10.2022
  251


Автор: Марғұлан Қуат

Шақалақ зары

Нәрестеміз,


Жаңа туған баламыз!


Қателесіп, от басқанда анамыз:


Дәретхана, қоқыс жәшік - панамыз.


 


Нәрестеміз,


Жаңа туған баламыз!


Адам көрмей туған ауруханамыз


Тасжүректі акушерге келгенде,


Тоңазытқышта мұз боп қатып қаламыз.


 


Нәрестеміз,


Жаңа туған баламыз!


Ата-анаға ойыншық бола саламыз,


Өзіне емес, өзгеге арнап туғандай,


Жағдай жоқта, от боп лаулап жанамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу