Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.10.2022
313
УКРАИНА
Шетелдік насихаттардан
Террорды көптеп көруші ек,
Автомат ұстап сақалды,
Тұрғындар бейбіт өлуші ед(і)
Сылтаулап Алла атауын,
Фитнәмен елді бөлуші ед(і)
Немесе бізде террорлар
Шеруге шыққан болушы ед(і).
Ал бүгінде лаңкестер -
Жақындау жардың астында
Қанқұмар жауыз сары шал
Қан майдан соғыс басында.
Адамзат өзін жоймақшы
Бар ма, ата, орын қасыңда?
Қажетсіз, Құдай, қиямет,
Қажетсіз метеор тасың да,
Осындай пенде тұрғанда
Қажетсіз Дәджал расында.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter