Өлеңдер ✍️

  19.10.2022
  224


Автор: Марғұлан Қуат

Несіне ренжисіңдер Бораттарға?

Несіне ренжисіңдер Бораттарға,


Егер де лайық болсаң сол аттарға?


Қорғайды деп ойлаған әскерлерің,


"Өзенде" өз xалқына оқ атқанда?


 


Қанша ақпарат интернет-тораптарда,


Бірақ көзің "ақылы шолақтарда":


Вайн менен тик-токтың биін көріп,


Гив-репостпен лентамды боратқанда,


Несіне ренжисіңдер Бораттарға?


 


Ана ішіне сәбиді жаратқанда,


Роддом кейпі сай келмей талаптарға,


"Абзал жандар араны ардан артық"


Жерлеп тұрсаң сәбиді таң атқанда...


Несіне ренжисіңдер Бораттарға?


 


Әлемде ғылым дамып баратқанда,


Жолдар ашып түрленген таланттарға,


Темір үзер жігіттер такси айдап,


Елде жүрсе ескірген галанттарда


Несіне ренжисіңдер Бораттарға?


 


Үкімет ауызды айға қаратқанда,


Өз-өзіне бюджетті таратқанда,


Қолыңнан бар келері боқтап алып,


Өздерің ГАИлерге пара атқанда


Несіне ренжисіңдер Бораттарға?


 


Жағынсаң иықтағы жолақтарға,


Ренжі бәлкім ренжіме, Бораттарға,


Басқа қалай көрсетсін шындықты енді,


Егер де, лайық болсаң сол аттарға?


 


26.10.2020 (с)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу