13.10.2022
  208


Бай дәстүрлер мен көпжылдық тәжірибеге ие – ҚазҰУ

 


Бай дәстүрлер мен оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмысындағы көпжылдық тәжірибе, жоғары кәсіби профессорлық-оқытушылық құрам – осының барлығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ондаған жылдар бойы әртүрлі саладағы үздік мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, киелі шаңырақ Қазақстан университеттерінің жалпы рейтингінің көшбасшысы, ел тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері, «Сапалы өнім мен қызмет көрсету саласындағы жетістіктері үшін» Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының дипломанты атанған. Университет Халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі және Еуразиялық университеттер қауымдастығының тең құрылтайшысы бола отырып, Қазақстан және Орталық Азия елдерінің университеттері арасында бірінші болып Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, және осы секілді халықаралық деңгейдегі көптеген жетістіктерді еншісіне байлап отыр.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрамында 16 факультет жұмыс жасайды. Соның бірі – «Заң» факультеті. Факультет құрамындағы – «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедраның негізінде «Заң кадрларын қайта даярлау және біліктілікті арттыру» орталығы, «Сот сараптама» орталығы, «Әділет», «Антикоррупциялық студенттік клуб», «Адвокат», «Заңгер», «Сарапшы –криминалист» сынды теорияны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін, әрі студенттердің белсенділігін арттыратын бірқатар ұйымдар жұмыс жасайды. Мәселен, Сот сараптама орталығы қызметінің мақсаты  жинақталған ғылыми-білім беру және ғалымдардың зерттеу әлеуетін, сонымен қоса профессорлық оқытушылар құрамын және қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және заң факультеті криминалистика кафедрасында білім алушылар, заңды және жеке тұлғалармен шаруашылық келісім шарттқа отыру арқылы іске асырылады. Профессорлық оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстарын бизнес-құрылымдармен, өнеркәсіптік және т.б. кәсіпорындармен бірлесіп, ұйымдастыру және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Нәтижесінде сот-тергеу органдарының тапсырмалары бойынша, криминалистикалық сараптама өндіру;  негізгі бағыттарын әзірлеу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында әдістерді жетілдіру, өндірістің әр түрлі сот сараптамалары түрлерінің негізінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қолдану;  құқық қорғау органдарына әдіснамалық және әдістемелік көмек көрсету, арнайы білімді қолдану және техникалық құралдарды үйлестіру;   сот сараптама саласындағы кадрларды оқыту бойынша нысандар мен әдістемелерді әзірлеу;   сот сарапшыларының біліктілігін арттыру және даярлауын ұйымдастыру; сот сараптамасы практикасы мен теориясының негізгі бағыттарын қалыптастыру мен дамытуға қол жеткіземіз.


Жоғары білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігіне одан әрі кірігуге, іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, оларды өндіріске енгізуге бағытталған факультеттің орасан зор білім беру, ғылыми, рухани-ағартушылық, инновациялық және өндірістік әлеуеті зор.


 


Атаханова Г.М., Бисенова М.Қ., Маликова Ш.Б., Избасова А.Б.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу