Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.10.2022
178
Фәнилік бес күнде
Ақымақ боп санасызбен санаспайық,
Жарымға сөз шығындап, жақ ашпайық.
Қу құлқынды бес уақыт ойлай бермей,
Жарлыға қолдан келсе қарасайық.
Мықтымен білім қуып таласайық,
Бес күндік бұл фәниде адаспайық.
Адамды ажыратпа киімінен,
Жіпті де шеше білгін түйінінен.
Адамның арамдығын байқау қиын,
Адалдығы көрінеді пейілінен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter