Өлеңдер ✍️

  11.10.2022
  279


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Қайрау

Ақылым мен қайратым,
Жүрегімді тыңдаңдар.


Ашу айлаға жол беріп,
Жарты жолда тынбаңдар.


Абай болғын маңайда
Шайтандар бар, жындар бар.


Бұрауға салып қысса да,
Шағылмаңдар, сынбаңдар.
Әлі алда өтетін
Небір қиын сындар бар.
Көрсетейік алып күш,
Тағдырға қарсы тұрғандар.
Шалдықпа, жаным, жалықпа,
Өзіңді қайра шарыққа.


Су астында ойнайды


Аяқ-қолы жоқ балық та.
Тарықпа, тәнім, тарықпа,
Өткінші мына нарықта
Күшіңді көрсет халыққа,


Жыр-сандық құлпын ағыт та,
Шашу шаш барып шабытқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу