Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.10.2022
268
Қиял
Ей, қиялым, шабытпен шап, асқақтама,
Несібемнің қаймағы жоқ, қаспақ қана.
Халық бізді байқайды шапсақ қана,
Оза шабар бәйгеде жақсы ат қана.
Шаппай жатып мен секілді ақсап қалма,
Беріп тұрған несібені тастап қалма,
Үнің барда айтып қал қисынымен,
Ешкім ұқпас қартайған соң, қақсап қалма!
Мына жұрт бізге көзін қадағандай,
Азумен аш қасқырдай қапсақ қана!
Ақын ойы ұшан-теңіз қиялдаса,
Адамың надан болар ұялмаса.
Ақының ақын емес, сөз маржанын
Жұртының жүрегіне құя алмаса.
Тұлпардың тектілігі тұяғынан,
Нақыл сөз тыңдайықшы зиялыдан.
Жырларым қанат қақты ұялыдан,
Жүйрік озбас ақынның қиялынан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter