Шығармалар ✍️
Республика күні
Республика күні — бұл еліміздің ең алғаш өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жариялануына декларация қабылданған күн. Яғни «Республика күні» болып мемлекеттік мерекелер қатарына енген болатын. Бұл декларация 1990-шы жылдың 25 қанан айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен қабылданған тарихи құжат болып табылады. Оны өзгерту де, ұмыту да мүмкін емес. Өйткені бұл декларацияда қазақ елінің өз алдына дербес егеменді ел, мемлекет болып жарияланған еді.
Толығымен ашып айтар болсам, Декларацияда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жаряланып, еліміздің саяси құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы айтылып, еліміздің аумағының тұтастығын, оған ешқандай қол сұғылмайтыны жөнінде кеңінен баяндалған еді. Сонымен қатар қазақ халқының және қазақ елінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің салт-дәстүрлері мен мәдениетін тілі мен дінін қадірлеу, нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып бекітілді. Яғни, қазақ жерінде тұратын басқа ұлт өкілдері, өзіміздің қазақ бауырламыз болсын олардың өзара сыйластығы мен татулығы, бірлігі мен ынтымақтастығы болуын, бір тудың астында өмір сүріп жатқандықтан ел ішіндегі ұлттар арасындағы татулық болуы еліміздің басты мәселесі болып табылды. Өйткені татулық бар жерде тыныштық та болатынын білеміз.
Әр жыл сайын келетін, яғни қазан айының 25-сі Республика күні құтты болсын қазақ елі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ел бірлігі мен тұтастығы сақталып, бай-қуатты бола берейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter