Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  163


Автор: Мелих Жеудет АНДАЙ

АР

Сенсеңіз, ойлап қалам таң,
Ар-ұят елде қалмады.
Жұмысшының жұмыстан
Қол үзу болды арманы.
Тұрғынның ойы төлемеу,
Бұл күнде үйдің ақысын.
Мойындамайды кейбіреу
Шаруаның бұған қатысын.
Қосқан жоқ дейді қазірше
Ауылдағылар бұған үн.
Тон пішеді олар өзінше
Жоқ менің оған күмəнім.
Он жұмыртқа мен алып ем,
Шаруадан кеше көшеден,
Үшеуі шірік боп шықты,
Бұл ненің сыры мəселен?
Қақса есік баяу, бір сəрі,
Қайыршы тұрса ашқанда.
Нан алып шықсаң ұрсады
Шүйіріп мұрнын аспанға.
Біреуі мінін білер ме?
Үлкенді кіші алдады.
Сенсеңіз, қазір бұл елде,
Ар-ұят тіпті қалмады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу