Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  144


Автор: Мелих Жеудет АНДАЙ

ҰҚЫПТЫ ДҮНИЕ

Таң қаламын:
неткен қатал заңдылық бұл біркелкі,
қыс пенен жаз,
күз бен көктем,
күн мен түн –
бəрі кезек, бəрі заңды баяғы.
Ағаш тамырын жер астына жаяды,
ал, тау шыңы – биікте, ең үстінде,
барлық таудың шыңы солай болады,
адамдардың миы – баста болады,
бар адамның миы солай болады.
Бес саусақтың орны бөлек,
бас бармақ…
сұқ қол, ортан қолдар содан басталмақ.
Шынашақтың орны бөлек,
шынашақ
шықса бір күн аспандап,
болса бір күн бас бармақ.
Болмайды оған,
Қой, оның не болмайды,
(болмайтынға қолың созсаң – сол қайғы)
немесе анау алма ағашы бұтағымен жерге еніп,
өсіп тұрса тербеліп?
Шулар еді бар ағаш:
«Сəлемат па, аман ба?
Кімсің? Несің?
Ағаш бұлай өсе ме екен?
Ки-ки-ки, бұл заманда?»
Осылайша шулар еді бар ағаш.
Ауа ың-жың болар еді:
«Алма ағаштың төбесінде, Тəңірім,
жапырағы емес, тамыры!»
Немесе тау шыңдарымен жерге еніп,
аспаннан кеп аяғы,
жатса бір күн əсем екен дер ме едік?!
Сақта, Құдай!
Жер астында болсын тамыр, өліктер,
тірілерге жердің үстін бөліп бер!
Тəртіп жақсы, не дегенмен, досым-ай,
қалсын бəрі дəл осылай...
Осылай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу