Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
128
ЫЛҒИ МҰНДАЙ ЕМЕСПІН
Менде де бір əсем кештер болады;
Қызметтен уақытында оралам,
ораламын сыраханадан аман,
жан-қалтамда жалақым да түп-түгел,
балаларға ұсынамын базарлық,
сөйлетпеймін қарт анамды азар ғып,
жауларым да тұрмайды көзіме елестеп…
Менде де бір əсем кештер болады,
ылғи мұндай емес тек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter