Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  113


Автор: Мелих Жеудет АНДАЙ

ҚҰТЫЛУ ЖОҚ

Түсінікті, құтылу жоқ өлімнен,
Жер сілкіну апатынан,
Əжімнен,
Шаш ағару, шаш түсуден, қарттықтан…
тоқта, тоқта, аптықпа!
Құтылмаймыз қалай ғана, япыр-ау,
Жұмыссыздық қырсығынан,
аштықтан?
Түсініксіз, неге біз,
аурулардан емі бар
арыла алмай келеміз?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу