Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
243

ҰЙЫҚТАМАҒАН КЕЗДЕ
Осы ұйқы дегеннен
Құтыла алмай келем мен.
Ол бір пəле жаланған
Ала кетер жағаңнан.
Ұйқы сені бөледі
Үйіңдегі анаңнан,
Бірге жүрген досыңнан,
Жатып шыққан қосыңнан.
Басқа түгіл,
Бір күні
Айырады басыңнан.
Осы ұйқы дегеннен
Құтыла алмай келем мен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter