Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
125
ҮЙДІҢ ƏЙНЕГІНЕН КӨРГЕНДЕРІМ
Үлкен үй-ау менің Түркиям да,
Ұлы таулар етегінде мекені.
Осы арадан қызыл күн мен қиялға
шейін шашсаң кір мен ылас жетеді.
Ал, анда ше?
Аға боп бір даңқты
аш шаруаның жерін тартып алып тұр.
Үлкен үй ғой Түркиям менің бұл,
Терезесі ашылады жан-жаққа.
Арзрумда, Испир, Иозгат жақта əне
алданған жұрт саудагер мен жалдапқа.
Ал, мұнда ше?
Пейілін сатып өз жұртының əппақ бір
ол опасыз қалтасының қалыңдығын сақтап тұр.
Үлкен ел ғой Түркиям, жасарып
Жалаулары көрінеді желбіреп.
Қырық мың ауыл – қырық мыңы да аш, арық,
Соны көріп соқыр болдым еңіреп.
Опасыздар басқарған ел не оңады:
бірі – түлкі, бірі қасқыр болады.
Ішінде осы шыққандардың жоғары
жөні дүрыс бір азамат жоқ əлі.
Опасыздар басқарған жұрт не оңады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter