Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  102


Автор: Орхан Уəли КАНЫК

Теңіз

Терезеден қарамай-ақ теңізге,
Жаным менің айналғандай егізге.
Қайық біткен асау толқын арбаған,
Қарбыз тиеп алғандығын аңғарам.
Теңіз болса маған тыным бермейді,
Бөлмеме кеп дем ала алмай терлейді.
Өзі жəне оны ойындай көреді,
Тас төбемнен айна сынды төнеді.
Бақыт деген осы шығар алаулы,
Балдыр иісі қытықтайды танауды.
Жағалауда өскен бала бірақ та,
Мұндай бақты ала алмайды сұрап та.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу