Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  107


Автор: Жахит Сытқы ТАРАНЖЫ

Серенада

Маған ақшам кешінде,
Жасыл балконнан күлімсірейді күн игі,
Күндерден соң күн туады жаңадан.
Жанған аппақ маңдайым
Сенің қолыңның көлеңкесінен суиды.
Таңданам!
Сен – көркемсің! Келгендей ертегіден,
Сана-жүрегім не дейді: Үнсіз тыңдармын.
Аппақ гүлдер жарасады тереземе,
Ауылынан алыс мұңдардың.
Ұйқысыз түндерде жұпарын сездім гүлдердің.
Ал, қиялымда: жаныңда үнсіз тұрғанмын.
Айналаңда сүттей ай туғанда –
Басыңды иіп суға қарашы жаным.
Сонда сенің: сұлулық-жастығың
Мөлдір көзің, аппақ арың.
Сосын мені тыңдашы:
Шаршаған ойдан –
төсіңе қойсам басымды,
Сенімді сезінер ме екем?
Əлде тия алмай жасымды,
Кейін шегінер ме екем?
Маған ақшам кешінде,
Кеселерге бұлақтардан су құйылғандай,
Бірақ қай кесе, қай бұлақ?
Терезе алдында отырдым абдырап.
Анау жапырақ əн салып тұрғандай,
Самалмен жадырап..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу