Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
106
КЕТЕРДЕ
Жұмысым көп бітіретін кетерде:
бір бұғыны азат еттім аңшыдан,
бұғы бірақ есін жиған жоқ əлі, –
Жүрегі əлі қауіптене соғады.
Апельсинді алдым жұлып бұтадан,
Қабығын бірақ арши алғам жоқ əлі, –
бұ да бітпей жатқан ісім болады.
Талай-талай жұлдыздармен достастым,
санын бірақ білген жоқпын мен əлі –
бұ да бітпей жатқан ісім болады.
Бір шелек су алып едім құдықтан,
стақанға құйылған жоқ ол əлі, –
су – шелектің қос бүйірін соғады.
Гүл-гүл жасап үлгіргенім жоқ əлі, –
бітіретін менің ісім көп əлі.
Көп сұлуға ғашық боппын бекерге,
есіме алсам көкірегім толады...
Жұмысым көп бітіретін кетерде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter