Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  104


Автор: Һусейін НиҺал АТСЫЗ

ВАРСАҒЫ

Бақыттан бастар айналар,
Шаттықтан жүрек бұлқынар.
Дұшпанның өзі таң қалар,
Керемет түбі күн туар.
Кілең бір отты жігіттер,
Бірлесіп, жауға аттанар.
Түрік елі тұтас біріккен,
Түбі бір сондай шақ болар.
Бір ел боп Түрік, барша аймақ,
Төрт түлік сыймай сай-сайға.
Құрылтай болып, Хан сайлап,
Ұлы той өтер Алтайда.
Жəй тапқан Ана-қоныстан,
Ол кезде Атсыз болмайды.
«Сақта! – деп, – Тəңір, орыстан!»
Қабірде жұртын ойлайды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу