Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  353


Автор: Нəжіп Фазыл ҚЫСАКҮРЕК

ТАБИҒАТ – ЖЫЛАН, ƏЙЕЛ – АНА

Табиғат сылдыр қағады төсімде,
Сыйпалап жатқандай сезініп,
Бір жылан ақырын жылжып көсілді,
Жартастан жылжып келеді шешіліп
Құстар самғады əуеде,
Татаусыз қанатын жаяды.
Қуысқа төгіліп сəуле де,
Жер бетін күйдіріп баяғы.
Шығыстан Батысқа көлбейді,
Күн сығалап жартастан.
Құмды ысырып, теңізге төнеді,
Бір сəуле айдынға жармасқан.
Бір жылан бой тіктеді ұп-ұзын
Күн мен ұясын, сүйеді жартасын.
Алысқа көз тіктім, қызындым,
Қиялмен қияға тартасың.
Əу деші көрші қыз, су құйшы гүлдерге,
Райхан гүлі бар ерніне төнейін.
Орамалың бір əсем тартымды сүюге,
Қына жаққан қолыңмен қуат бер,
Желкен мен ескек бер, көрейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу