Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
366
Жаңа хат алдым гүл жүзді жардан...
Жаңа хат алдым гүл жүзді жардан,
«Күттірме жолды, кел» – деп жазыпты.
Етемін мен сол үр қызды арман,
Аңсаймын əр сəт сол бір нəзікті.
«Күндерден күтем бəрін алдағы,
Жайқалды шалғын көрігі бекем.
Қаратастың да қары қалмады,
Сағынышымнан еріді ме екен...»
Ықылас, пейілі елімді танытты,
Ұл едім шеттеп болған жазықты.
Шыт орамалын қоса салыпты,
«Көзіңнің жасын сүрт» деп жазыпты.
«Жат жердегі аңсар жеткізеді елге,
Табасың туған жерден қазықты.
Күндерді босқа өткізе берме,
Абай бол, жылдам жет!» – деп жазыпты
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter