Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  336


Автор: Ашық Вейсел ШАТЫРОҒЛЫ

Көзіме тұнып қалдың...

Көзіме тұнып қалдың,
Қай жаққа қарасам да сені көрем.
Жөні бар ұмытпаудың,
Егізім боп кетіпсің-ау меніменен.
Əсемдік əлемісің,
Артықсың əдеміден.
Жаралған өлең үшін,
Сол үшін кəделі де ең!
Қолдағы байлығымсың,
Жоғалды кемірген мұң.
Арайлы Ай, Күнімсің,
Көрдім де көңілдендім.
Болмысын желге беріп,
Толқиды теңіз кеудем.
Жұлдыздар перделеніп,
Сөнеді сені іздеумен.
Жанымды сөйлеттірдің,
Бір қонбай кеткен бағым.
Өзіме «қой» деп тұрмын,
Айтады көктем бəрін.
Төккен зарын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу