Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
382
Сен бір Лəйлі, мен бір Мəжнүн...
Сен бір Лəйлі, мен бір Мəжнүн,
Сені көріп демде алжастым.
Гүлсің деп жыр келді жазғым,
Сен болмасаң мен болмаспын.
Жүрегіме тұрақ теуіп,
Өміріме сен жалғастың.
Қонақ болдың шуақ төгіп,
Сен болмасаң мен болмаспын.
Түске елес боп кірдің – дағы,
Дерт бердің ау – ем қонбас мың.
Əлі айтылар сырдың бəрі,
Сен болмасаң мен болмаспын.
Сенсің менің бар əлемім,
Көктем жазым – жалғанбас мұң.
Жаным сенен алар емін,
Сен болмасаң мен болмаспын.
Жүректегі гүлдеп сезім,
Жұпар шашты, заңғарға астым.
Үміт отын үрлетші өзің,
Сен болмасаң мен болмаспын.
Осылай жыр өреді ақын,
Қалай ғана толғанбаспын?!
Сенсің маған менен жақын,
Сен болмасаң мен болмаспын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter