Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
110
ҮНСІЗ КЕМЕ
Қатал заман үкім айтып, жетіп жүзер уақыты,
Жағалаудан аттанғанда – тылсым əлем бағыты.
Жолаушысы жоқтай бейне, үнсіз шегер сапарын,
Ол да мендей қол бұлғамайд іздеп дос пен қатарын.
Жағалауда қалған пенде қайтады деп дəмелі,
Көкжиекке қарай-қарай, көзінде от сөнеді.
Жабырқатпа босқа көңіл! Соңғы кеме бұл емес,
Талай пенде жылап қалмақ, қылғанымен ерегес.
Ғашығың да, асығың да босқа күтіп шаршаулы,
Қайтып келіп басқан адам бар ма əсте аңсауды.
Бəлкім ол да тапты бақыт мəңгіліктің төрінен,
Жылдар енді шығармайды теңіз атты көрінен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter