Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.10.2022
96
Бар аңсарым өзің болып мұңайдым...
Бар аңсарым өзің болып мұңайдым,
Сен қайдасың сүйіктім, жаз күндері бір айдын.
Тау бетіне күн түскенше сырласушы ек төбеде,
Таңдар қайда, таулар қайда, қайта бізге келе ме?
Кешқұрым кез күннің көзі бататын шақ теңізге,
Армандастар қиял қуған ұқсаушы едік егізге.
Сонау жақта жалғыз қалдым күн шуағы батқанша,
Сені ойладым, көп ойладым аппақ таңдар атқанша.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter