Өлеңдер ✍️
ЕЙ, ТҮРІК, ОЯН!
Ей, Түрігім, сенің қолың қуатты,
Жартастарды күл-талқан ғып уатты.
Найзағай боп жауларыңды өртедің,
Иран, Қытай, Үнді, Мысыр дегендер
Сені көріп, жер бауырлап жылапты!» – депті.
2. Содан болдың арыстандай айбатты,
Мол қайратың жау біткенді жайратты.
3. Сепкен сенсің, төңкерістер ұрығын,
Əр санада гүлдеп жатты ұлы ұғым!
Сенің ұлың: Ибн-Сина,
Фараби мен Мəулена.
Замахшари, Бұхари
Бүгін бізге – арман, ə?
Фанатизм, жабайылық, надандық,
Мұхаммед те бар қасиет адамдық.
4. Сен, Шығыста Түрік жұртын жараттың,
Оған барлық естілерді қараттың.
Алтын күмбез мазарлар,
Медрессе, фонтан, көпір, назар бар,
Орхон, Тұрфан, Самарқанд,
Жер бетінде соған ауған назар бар.
Бұл өңірде исі аңқыған Тұранның,
Бізге жеткен – нағыз асыл мұрам бұл.
5. Бірақ, соңғы үш жүз жылда басыңнан
Бағың тайып, ұлылықты жасырған,
Қалаларың, күмбездерің азайды,
Тып-типыл боп тоналады асылдар.
6. Бүгін сенің жан айқайың шығады,
Тəңірің мен дінің неге жылады?
Минəраттар күл-талқан боп құлады.
Тілің құрып, абыройың сұлады!
7. Айтшы, маған, қайда отты сарбаздар?
Сарайларың отқа оранып, жанған бар.
Əзіл, күлкің жоғалған ба, жоқ болып,
Көкжиегің өртенеді от болып.
8. Самархандың, Идіқұтың, Қарақорым – қайда олар?
Халқымызға түскен ауыр қайғы олар.
Ақмешітің, Қарабағың, Мəуренақыр – жоқ бүгін,
Бурса, Ерзрум, Ыстамбұлың, Едернең,
Бақ таймаған Кониядай жерімнен.
9. Қайран халқым, бағың тайды-ау басыңнан,
Мына жаулар бар қулығын асырған.
От-жалынмен тұла бойың өртенген,
Не күтесің ендігі алғы ғасырдан?
10. Өліммен тең сенің мына жатысың,
Сені қорлап басынды ғой Батысың.
11. Бұл құлдырау – жатпайды əсте өлімге,
Асығады қас-дұшпаның көмуге.
Қайран ұлтым, сен, еңіре, «елім!» де
12. Қой, жылама, сен көтеріл
Күл мен анау қоқыстан,
Дауыс шықты, сені оятар оқыстан.
Тоқтат, анау қанды жасты көздегі,
Сенің бабаң – ол қорлыққа төзбеді!
13. Білесің бе, жылайтындар – кім өзі?
Бастан тайсын – Бақытсыздық мінезі!
Сен, жауыңды ешқашан да кешірме,
Ұлы сөзді сен санаңнан өшірме!
14. Сен қаласаң, Дунайдың бастауынан,
Біз қараймыз Қытайдың асқарынан.
Алтай, Қыпшақ, Сібір мен Əзірбайжан,
Хиуа, Газна, Хорезм, Бұхара бар,
Ұлы Тұран елінің мəңгі өшпес бастары бар.
Осман, Бабыр, Илхам, Нəдір шахтарым,
Қайран ұлтым, олар сенің бақтарың.
Сенің бəрің – бір Түріктің ұлысың,
Еш солмайтын сахараның гүлісің.
15. Сен Түріксің, берме оларға тіліңді,
Берме, оларға қасиетті дініңді!
Жақсылықтың бастауы боп тұрады,
Қасиетті ұлы Тұран бүгінгі.
16. Өлгендерді қасиеттеп тұрайық,
Аттың басын қас-дұшпанға бұрайық!
Ол иттерді қасиетті Тұранның
Бар жерінен дүрк көтеріліп, қуайық!
17. Оян, ұлтым! Оянатын шақ туды,
Аялайық Тұран құсы – аққуды.
Ұлы Тұран империясын құрайық,
Қас-дұшпанның бəрін қуып жат тілді!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter