Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  123


Автор: Нұржан Наушабаев

АЙЫРЫЛСА

Бұлбұл хуррам болып, нешік сайрасын,
Бақты қазан ұрып, көңілден айырылса.
Біз мәрт жігіт хамкин болмай найласын,
Пәлекет болып, әйелден айырылса.
..................................................................
Құйрығы төгіліп, жалдан айырылса.
Шалқұйрық нарлардың мияты болмас,
Қатардан бөлініп, саннан айырылса.
Нән балық өрге шайқап жүзе алмас,
Айдын шалқар дария, көлден айырылса.
Алғыр сұңқар сұқсыр үйрек іле алмас,
Қанат-құйрық, шалғысынан айырылса.
Арғымақ ат аса қарғып өте алмас,
Тасқа тиіп, жез тұяғы майырылса.
Патшалар да таяр тақтан түсерде,
Жауға қорған – әскерінен айырылса.
Ер жігітке шын жетімдік сол болар,
Басшы болған бір орыннан айырылса.
Асфаһани қылыш жауға шаба алмас,
Қынабы тозып, балдағынан қайырылса.
Әр күнгі дүниенің опасы болмас,
Зайғы өткен ғұмырдың сапасы болмас.
Қалап айтқан сөзімнің қатасы болмас,
Шәриф тәнің ғазиз жаннан айырылса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу