Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  460


Автор: Нұржан Наушабаев

ЫБЫРАЙҒА

Құр жерге, су үстіне от жақтырған,
Қараңғыда адасқанға жол таптырған.
Талып, шаршап жүргеннің нешеулерін,
Ойдан алып, биікке лақтырған.
Үлгі айтып бір облыстың қазағына,
Ықыласпен достарына сыр ақтарған.
Бақайын сазға тигізбей шығыпты алып,
Өткел қып қия-жардан құлап тұрған.
Жұртыңның екі жая Тіней, Қармыс,
Әр ерлер өз тұсында алған алғыс.
Бүркіттей ұя салған Римстанда,
Талпынтып балапанын ұшты бір құс.
Зәһәрді балдан тәтті қылатұғын,
Халыққа қамқор ондай ер болмайды тұс.
Жаухары қылыш еді асфаһани,
Керегінде әркім қолына ұстағаны.
Болмады уақытында ешбір жазым,
Қол сілтеп күндік жерден нұсқағаны.
Ұлы ағартушы қайтыс болғанда Ыбырайдың қабірі басындағы құлпытасқа Нұржанның:
«Сайран еттім дүнияда
Табылып көңіл хоштарым.
Аһли, дәулет, жиған мал,
Қалды қымбат достарым», –
деген төрт жолы жазылған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу