Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  134


Автор: Ертай Ашықбаев

Наурыз

Құтты болып басталды
Ұлы тойы ұлыстың.
Жадыратсын аспанды
Арайлы күн, тыныш түн.
Қайырмасы:
Наурыз,
Наурыз,
Наурыз,
Мереке боп келдің бе?
Наурыз,
Наурыз,
Наурыз,
Береке боп келдің бе?
Күлім қағып шақырдым
Достарымды қасыма.
Біліп келе жатырмын
Жас қосылды жасыма.
Қайырмасы.
Біз арманшыл баламыз,
Келер елді түлеткім.
Көркейсін деп қаламыз
Шыбық ектім, гүл ектім.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу