Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  374


Автор: Ертай Ашықбаев

БАЛАБАҚШАМ МЕНІҢ

Жаңа қадам жасадым,
Қош болып тұр, бесігім.
Мен қуанып ашамын
Балабақша бесігін.
Қайырмасы:
Әлдилеген елім,
Сәбиіңмін сенің.
Сәбиіңмін сенің,
Балабақшам менің.
Айтып берер тәтелер
Әсем өлең, жақсы аңыз.
Ойыншықтар әперер
Қандай жақсы бақшамыз.
Қайырмасы.
Бұлданбаймын бекерге,
Жас төкпеймін көзімнен.
Үйіме де кетерде
Киінемін өзім мен.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу