Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
250

БІЗДІҢ ӘН
Ортақ бізге бір мектеп,
Ортақ бізге бұл бесік.
Ұстаздарды құрметтеп
Қарсы аламыз бірлесіп.
Қайырмасы:
Ән саламыз бірлесіп,
Тамсанамыз бірлесіп.
Сахнаға біздермен
Барлығың да бірге шық.
Бірге шаңғы тебеміз,
Жаңбыр суын бір кешіп.
Су-су болып келеміз
Үйімізге бірлесіп.
Қайырмасы.
Бірге кітап ақтарып,
Жоқты бірге табамыз.
Біздер бірге мақтанып,
Бірге сөгіс аламыз.
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter