Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
134
САҒАТТЫҢ ЖЫРЫ
Қиындықтан қашпаймын,
Оянам да ертемен,
Араздаса бастаймын
Ұйқы құмар еркемен.
Деп:
«Сабақтан, шырағым,
Кешігесің бүгін де», —
Шыр-шыр етіп тұрамын
Құлағының түбінде.
Қабағыңды түй, мейлі,
Оятқаным —
достығым.
Шабандықты сүймейді
Тық-тық басқан қос тілім.
Қимай тәтті ұйқысын
Әлдекімге бұлдана,
Ісіп-кеуіп сиқы шын
Жата берер бұл бала.
Шыдамым да таусылды,
Енді не деп ұрсайын?
Қарлықтырдым даусымды
Шырылдаумен күн сайын.
«Сендейлердің талайын
Жөнге салғам, қарағым».
...Тек демалып алайын,
Ауырып тұр тамағым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter