Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  108


Автор: Ертай Ашықбаев

КҮНПАРАҚТЫҢ ЖЫРЫ

Қарар маған зерек түрмен —
Күн санауға ынталы-ақ кім?
Барлығыңа керекпін мен,
Күнпарақпын,
күнпарақпын.
Сауатсызға талай күлген,
Цифрларым парақтағы.
Әрбір күнді санаймын мен,
Санаймын мен әр аптаны.
Көп-ақ досым,
сырласым да,
Әңгімеден жалықпаймын.
Тоқ боламын жыл басында,
Жыл соңында арықтаймын.
Күн алмаспай тұра ала ма?
Бар менде тек бір-ақ қайғы:
Неге,
неге...
Мына бала
Дүйсенбіні ұнатпайды?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу