Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
199
ДАСТАРХАННЫҢ ЖЫРЫ
Деді апаң:
«Ас тартам»,
Деді көкең:
«Бас тартам».
Ал ол үшін әуелі
Жаю керек дастархан.
Мен үйдегі бас тұлға,
Қызметтен қаштым ба?
Бабын табам қарттың да,
Бабын табам жастың да.
Көз тартады өрнегім,
Қонақ келсе —
төрдемін.
Сыйлы құрмет, жақсы сөз —
Естігенім,
көргенім.
Жұмса мені көп, мейлі,
Ешкім ұрсып сөкпейді.
Менсіз күлкі көбеймес,
Тойлар менсіз өтпейді.
Той иесі —
күштің мен,
Ажарлана түсті іргем.
Жақсы бала ешқашан
Аттамайды үстімнен.
Ортасында күлкінің,
Таппай жүрем бір тыным.
Мерекелі үйлердің
Берекелі мүлкімін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter