Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
143
АЛТЫБАҚАН
Тыныш жатпас баламыз,
Қызық —
бізге керегі.
Тәтеміз бен ағамыз
Алтыбақан тебеді.
Жаңғырады даламыз,
Мәз болдым мен,
мәз анам.
Тәтеміз бен ағамыз
Шырқайды кіл ғажап ән.
Қалаға да қараңыз:
Жайқалса тал, терегі —
Тәтеміз бен ағамыз
Алтыбақан тебеді.
«Тез өссек» дер баламыз,
Ержетсек біз,
Себебі
Тәтеміз бен ағамыз
Бізге орын береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter