Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  235


Автор: Ертай Ашықбаев

ТАЗША БАЛА

Тақылдатса таңдайды,
Жан салмайды алдына.
Уәзірді алдайды,
Алдап кетер Ханды да.
Көрген емес өкініп,
Көңілді боп жүреді.
Қырық түрлі өтірік
Айтады да...
күледі.
Қулығы көп басқа да,
Үйде тыныш жата ма?
Оған Дала — баспана,
Оған Халық — ата-ана.
Сыйлы мұнда,
онда да,
Дайын киім,
тамақ та.
Бірақ, бірақ...
Сол бала
Қалай екен сабаққа?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу