Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  192


Автор: Ертай Ашықбаев

КҮРЕС

Деп:
«Кілемге шық бері», —
Шақырып тұр бір аға.
Күрес — жұрттың күткені,
Сондай алаң — бұл ара.
Жанкүйер бол,
топ құр да —
Алуан да алуан.
Әлсіз бала жоқ мұнда,
Ол да,
бұл да — палуан.
Сыныптасты қайрап көр —
Дайын жеңіс байрағы.
Мынау ұлда қайрат мол,
Ана бала айлалы.
Дәйім сақтап жүр есте,
Түсіп қалма құрыққа:
Боймен бірге күресте
Ой да керек,
ұмытпа.
Абайлашы,
апырым-ау,
Бос ұстама тақымды.
Ана бала батылдау,
Мына бала ақылды.
Қимыл жаса тым епті,
...Айтайыншы шынымды:
Болған сайын білекті
Бола түсші білімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу