Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.10.2022
114
Өкініш
КӨРМЕЙМІЗ:
Күннің қалай қырдан асып батқанын,
Өз енесін бұзау қалай тапқанын.
КӨРМЕЙМІЗ:
Көлдің суы тірелгенін жағаға,
Қалай балық аулайтынын шағала.
КӨРМЕЙМІЗ:
Балапанын қаздар қалай қорғайды,
Біз көретін мүмкіндік жоқ ондайды.
КӨРМЕЙМІЗ.
Көрмейміз ғой көп қызықты мына біз.
Себебі ме? Біз қалада тұрамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter